Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған курс

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты 11-20 мамыр  аралығын қамтитын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтеріне арналған: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің ойын құзыреттілігін дамыту» атты біліктілікті арттыру курсын жаңа талаптарды қамтыған тақырыптармен жалғастыруда.
Тәрбиешілер курс барысында ойынды түсінудің әртүрлі тәсілдерін зерттеп,   мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі ойын түрлерін талдап және қолдану дағдыларын меңгеруде. Ойындар мен ойын сюжеттерін модельдеу тәжірибесін курс тренері Тусупова Г.У.  жаңа бағдарламалар арқылы қатысушыларға мультфильм жасау әдістері мен ойын формалары арқылы педагогтердің ойын құзыреттілігін дамытуда.

Наши филиалы