Педагогтің кәсіби өсуі – сапалы білім берудің негізі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Исимова Айнаш Есенгелдіқызы Исатай ауданына барған іс-сапары барысында аудандық жалпы орта білім беретін мектеп директорлары мен мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларымен арнайы кездесу өткізді.

Кездесу барысында білім беру ұйымдары педагогтерінің біліктілік деңгейлерін шыңдау мен оларды жетілдіру бағытындағы ұсыныстар тыңдалып, курстарды өткізудің форматтары туралы өзара пікір алмасты.

Наши филиалы