Білім берудің мазмұнды және цифрлық трансформациясы жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет

Ағымдағы жылдың 20 мамырында «Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша КДИ филиалының директоры С.С. Курманбекова Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Білім берудің мазмұндық және цифрлық трансформациясы жағдайындағы өңірлік әдістемелік қызмет» тақырыбындағы республикалық ғылыми-практикалық семинар жұмысына қатысты. Семинар барысында білім беруді цифрлық трансформациялау, әдістемелік жұмысты ғылыми-талдау, ғылыми-сараптамалық жұмысты ұйымдастырудың тәжірибесі мен болашағы, жобалау қызметінің жаңа нысандарын, оқушылардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту бойынша тиімді педагогикалық тәжірибе және т.б. өзекті мәселелер талқыланды.

Наши филиалы