№264 мектеп-лицейімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды

20 сәуір күні «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен Қызылорда қаласындағы Т.Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.

Меморандумның мақсаты – оқу үдерісінің практикалық бағыттылығын күшейту, білікті мамандарды даярлау сапасын жақсарту, сонымен бірге ғылыми-зерттеулер жүргізу, оқу-әдістемелік құралдар дайындау, авторлық бағдарламалар жазуға және педагогикалық тәжірибеде ерекше білім беруге қажеттіліктері бар балаларды оқытуға қажетті дағдылар мен құзыреттіліктерді дамытуға бағыт беру, олардың нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру.

Меморандум аясында институт директоры Бауыржан Елеусінов пен мен мектеп-лицей директоры Бек Тумурзаев арнайы құжатқа қол қойды. Кездесу барысында мектеп-лицеймен әріптестікті орнату және нығайту мәселелері кеңінен талқыланды. Алдағы уақытта мектеп-лицей педагогтеріне оқу-әдістемелік, ғылыми тұрғыда іс-шаралар өткізуге келісім жүргізіліп, бірқатар ұсыныстар мен мәселелер қаралды.

Айта кету керек, «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалы мен мектеп-лицей арасындағы тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде алдағы күндері білікті мамандардың басшылығымен мектеп педагогтеріне әдістемелік кеңес беру қызметтері, ғылыми жобаларды дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, ұйымның сұранысы бойынша педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытатын семинар, біліктілік арттыру курстары сынды бірқатар маңызды жұмыстар іске асырылатын болады. Тәкей Есетов атындағы мектеп-лицейімен ұзақ және табысты, бірлескен жұмыстар атқарамыз деген сенімдеміз!

Наши филиалы