PISA халықаралық зерттеулері тапсырмаларын сабақта қолдану тиімділігі

«Өрлеу» Атырау филиалы «Ғылыми жаратылыстану және математикалық сауаттылықты дамытуда PISA тапсырмаларын құрастыру жолдары» тақырыбында Индер ауданының Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі базасында аудан педагогтеріне көшпелі сессия өткізді.

PISA халықаралық зерттеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бойынша ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда белсенді оқыту стратегияларын пайдалану, оқу материалдарын құрастыру, PISA критериалды өлшемі бойынша оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау, амалда қолдануда меңгерген білімдерін қолдана алуға үйретудегі жұмыстар түрлерімен таныстыра отырып, өзара тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылған көшпелі сессия жұмысын институттың «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушылары Куракова Роза Нысангалиевана мен Балапанова Жаңыл Темировна жүргізді.

Сессияны институт директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Исимова Айнаш Есенгелдіқызы қорытындылады.

Наши филиалы