Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби даму курсы өткізілді

«Ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсы ағылшын тілі пәнін оқытудың заманауи технологиялары мен эмоциялық зиятты дамыту стратегиялары негізінде мұғалімдердің ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың «4К» дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Курс «Ағылшын тілі» пәні бойынша қолданыстағы үлгілік оқу бағдарламасы шеңберінде (5-9-сынып) «4К» – оқушылардың ағылшын тілі сабақтарында дағдыларын дамыту үшін нейролингвистика, педагогикалық технологиялар, интернет-оқыту жетістіктерін қолдану саласында мұғалімдердің кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Біліктілік арттыру курсына институттың «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Ажигулова Майя Салауатовна жетекшілік етті.

Наши филиалы