Білім беруді тұрақты дамыту бағыттары

2022  жылдың 15 маусымында  Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Маханбетова А.А., Жартынова Ж.А., Комекова С.О. басшылығымен орта білім беру ұйымдары басшылары мен орынбасарларына арналған көшпелі практикалық сабақ негізінде Алматы қаласы «№188 мектеп-гимназия» КММ базасында «Білім беруді тұрақты дамыту сапасын стратегиялық басқару» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Семинар барысында мектеп директоры Мауленова Б.М. жан басына шаққандағы қаржыландыруда мектепте басқарушылық және қаржылық шешімдерді қабылдаудағы ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, бюджет қаражатын тиімді әрі оңтайлы пайдалану, үнемдеу мақ­сатында ұйым басшысының белгілі бір дербестігі болуы қажеттігін атап өтті.

Оқу ісі жөніндегі орынбасары  Жумадилова Р.О. және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кокымбаева М.Ж. білім берудің тиімді жүйесін қалыптастыру, жаңа сапаға көшу, мектептегі психологиялық ахуалдың маңыздылығына кеңінен тоқталып, ата-аналармен жұмыстың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Тәжірибе алмасу мақсатында мектеп-гимназиясының пән мұғалімдері Телтаева Г.Ж., Жаутикбаева А.А., Төкен А. өз оқу пәндерінің негізінде қазіргі таңдағы «Ұстаздардың кәсіби шеберлігін жетілдірудегі жаңа әдістердің рөлі» тақырыбында коучинг өткізді. Білім беру мазмұнын жаңғыртыудың барлық ерекшеліктерін ескере отырып, педагог тұлғасының жан-жақты, еркін, шығармашылық даму және кәсіби біліктілігін арттыруда атқарылған жұмыстарымен  бөлісті. Сонымен қатар, білім алушыларда тілдік дағдыларды дамыту (тіл мен әдебиет білім салаларынан) білім жетістіктерін талдау және оқу барысында меңгерген білімдері мен біліктерін өмірлік жағдайларда тиімді қолдану дағдыларын қалыптастыруды тәжірибелік тұрғыдан негіздеді. Семинар жұмысының мазмұны біз үшін теория мен практикаға ұштастырылған нәтижелі жұмыс болды.

Наши филиалы