Сандық білім беру ресурстары – мазмұнды сабақ кепілі

Сандық білім беру ресурстарын оқу процесінде тиімді қолдану мақсатында  ағымдағы жылдың 20 маусым күні Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институтының  аға оқытушылары Кулен Фарида, Жұлдыз Кошербаева бастауыш сынып мұғалімдеріне  семинар өткізді. Семинар барысында қатысушыларға оқыту жағдайында видео ресурстарды қолданудың тиімділігі жайлы айтылып, YouTube-тегі «Өрлеу» білім беру арнасындағы орта мектептің барлық пәндері бойынша дайындалған 5000-нан астам сандық білім беру ресурстары ұсынылды. Семинардың тәжірибелік бөлімінде интернет сервис түрлері мен платформаларын қарастырды. Қатысушылар дайын бейнесабақтардың, мультимедиялық ресурстардың,  қажетті тест тапсырмаларының тиімділігіне көз жеткізді.  Оқушылардың сыни ойлауын дамытатын, оқушы қателессе, қайта ойлануына мүмкіндік беретін интернет сервис түрлерімен жұмыс жасады. Семинар соңында тиімді кері байланыс беріле отырып, тапсырмаларды орындау арқылы тыңдаушылардың АКТ құзыреттілігі артып, күтілетін нәтижеге қол жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

20 − 13 =

Наши филиалы