Жамбыл облысының ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналған British Counsil пилоттық жобасы

“Өрлеу “БАҰО” АҚ мен British Council танымал халықаралық компаниясымен серіктестікте пилоттық жобаны іске асыру нәтижесінде ағылшын тілі мұғалімдері әлемдік стандарттарға сәйкес кәсіби құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік алды.  Жобаға қатысу үшін мұғалімдер B1 ағылшын тілін білу деңгейін растауы керек. Олар грамматика, лексика, оқу және тыңдау дағдылары бойынша тапсырмаларды орындап, English Score онлайн-тестін тапсырды. Қордай ауданы мен Тараз қаласының ағылшын тілі мұғалімдері жақсы нәтижелер көрсетті. Жоба ағылшын тілін оқытудың заманауи тәсілдеріне сүйене отырып, педагогтердің кәсіби өсуіне, пәндік құзыреттіліктерін арттыруға және мұғалімдердің жеке тұлғалық өсуіне, олардың көшбасшылық әлеуетіне бағытталған. 2021 жылдың 4 қазанынан 2022 жылдың 31 наурызына дейін Жамбыл облысының 70 педагогы өздерінің кәсіби оқыту дағдыларын жақсарта алды. Жамбыл-Өрлеу “Өрлеу “БАҰО” АҚ және British Council-ге мұғалімдерге біліктілігін арттыруға, республикалық және халықаралық деңгейде әріптестер арасында өз  тәжірибелерімен, көзқарастарымен және идеяларымен бөлісуге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіреді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

two + 19 =

Наши филиалы