Гимназияның даму стратегиясы – болашақтың орталығы

2022 жылдың 15 сәуірінде Алматы қ. №105 гимназиясының базасында директор Сандықбаева Әлия Төлегенқызы, директордың орынбасары Молотова Эльмира Кахармановна және Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Тен Алира Сунтаковна мен Жартынова Жанар Әлібекқызының басшылығымен Қазақстан Республикасының директорлары және олардың орынбасарларына арналған семинар өткізілді.

Семинар сапасының басты өлшемшарты – ғылымды, технологияны, табиғи пәндерді, өнер мен математиканы интеграциялай отырып, бірегей үлгілерді құрастыру үшін алдыңғы қатарлы басқарушылық тәсілдерді және оқытудың прогрессивті технологияларын (STEAM, цифрлық, интерактивті) пайдалану. Өткізілген семинардың креативті тәсілі идеяларды практикада қолдану үшін басқарудың, дамытудың және оқытудың инновациялық тәжірибесін республикалық ауқымда таратуға мүмкіндік берді.

Наши филиалы