Математика пәні мұғалімдеріне арналған курс жалғасуда

«Өрлеу» – Нұр-Сұлтан Кәсіби даму институты математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математика мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту»тақырыбындағы біліктілік арттыру курсын жалғастыруда.
Көшпелі тәжірибелі сабақ аясында №56 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімдері Байгазиев Роман Фазылович, Исабекова Гульназ Мадеткаримовна, Картаева Орал Сагимбаевна, Жанбекова Гульжанар Салемовна курс тыңдаушылары үшін ашық сабақтар көрсетті. Барлық сабақтар жоғары деңгейде өтті.

Наши филиалы