Мектепке дейінгі ұйым педагогының ойын құзыреттілігі

Ағымдағы жылдың 11 сәуірі мен 21 сәуірі аралығында Тараз қаласының мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, тәрбиешілері үшін «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты» №12 бөбекжайда базасында «Мектепке дейінгі ұйым педагогінің ойын құзыреттілігін дамыту» біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Семинар барысында тыңдаушылар балалар ойынының заманауи түсінігімен, білім берудің геймификациясымен танысты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың білім беру міндеттерін шешу үшін педагогтердің ойын және IT-құзыреттіліктерін дамыттық. Сюжеттік, дидактикалық ойындарды және ерте және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ережелері бар ойындарды (соның ішінде ЕББҚ бар балаларға) қолдана отырып, педагогикалық процесті жоспарлау бойынша тұтас көзқарас қалыптастырдық. Олар мектепке дейінгі топтың пәндік-кеңістіктік даму ортасын және ойынды ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлін бағалады. Біз мультфильм жасаудың әдістері мен алгоритмін қарастырдық. Көшпелі практикалық сабақтар барысында ерте және мектеп жасына дейінгі балалардың ойын әрекеттерін бақылаудың чек-парақтарын пайдалана отырып, ойындарды ұйымдастыру мен өткізуге талдау жасалды. Топтық жұмыста курстың таңдалған тақырыбы бойынша жобалар әзірленді және ұсынылды. Алда-педагогтарды өздерінің мектепке дейінгі ұйымдарында курстан кейінгі сүйемелдеуді енгізу бойынша жаңа семинарлар, мастер-кластар, ашық ҰОК, командалық жұмыс күтуде.

Наши филиалы