Өлкетану – өз Отанын тану жолы

Үстіміздегі жылдың 22 сәуірінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ  «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Назира Абдикеримова Тараз қаласындағы мәдени-тарихи нысандарға көшпелі тәжірибелік сабақ  «Білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік және дене дамуын қамтамасыз ету үшін өлкетану жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу»  курсы аясында жүргізілді. Сабақ барысында педагогтер Тектұрмас этно-тарихи кешені, Орталық өлкетану мұражайы, Көрме залы және Даңқ залында болып, әртүрлі кезеңдердегі оқиғалармен, туған өлкеміздің тарихи мұраларымен танысуға мүмкіндік алды.

Наши филиалы