Диалог алаңы

Техника мен технологиялардың жылдам даму қарқыны еңбектің көптеген түрлерінің сипаты мен мазмұнын өзгертеді, соның нәтижесінде педагогтерден одан да үлкен зияткерлік күш, шешім қабылдауда дербестік пен жауапкершілік, мінез-құлықтың икемділігі және жоғары коммуникативтік дағдылар талап етіледі.Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов ауылы “Таңшолпан”бөбекжай-бақшасы базасында 2022 жылғы 20 мамырда Түркістан облысы бойынша адами әлеуетті дамыту басқармасының білім беруді дамыту орталығы ұйымдастыруымен өткізілген бірлескен іс-шарада диалог алаңы бөлігінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының тәрбиешілерінің кәсіби құзыреттілігіне қойылатын заманауи талаптар туралы ақпараттар берілді. Мақсаты: Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиешілердің кәсіби құзыреттіліктерін арттыруға ықпал жасау. Талқылауға 30-дан астам мұғалім қатысты. «Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту» кафедрасының аға оқытушысы Х.Қалиева заманауи талаптарға сәйкес қызмет ету үшін тәрбиешілердің өз бетінше үздіксіз біліктілігін арттырудың маңыздылығын айтты, мектепке дейінгі білім берудің негізгі білім беру бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында педагогтің бірқатар құзыреттіліктерін қарастыруды ұсынды. Диалогтік алаң соңында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, іс шара ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді.

Наши филиалы