Форум жұмысының қорытындысы

Қостанай филиалы ұйымдастырған, «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның 10 жылдығына арналған «Өрлеу»: мықты кадрлар – лайықты болашақ» білім беру форумы өз жұмысын аяқтады. Форум аясында келесі іс-шаралар өтті: «Педагогтың кәсіби өсуінің жүйесін құру: мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбындағы халықаралық қатысумен панельді пікірсайыс, «Жетістік формуласы» психологиялық-педагогикалық квесті және «Orleu Robotics» виртуалды білім беру көрмесі.

Форум жұмысына Қазақстанның Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Түркістан, Жетісу, Маңғыстау, Ұлытау, Атырау облыстарынан, сондай-ақ Ресей Федерациясының Омбы, Краснодар, Түмен облыстарынан және Қалмақия Республикасынан 1000-нан астам педагог қатысты.

Форум өз қатысушыларына педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесінің жетістіктері мен келешегін талқылау, жемісті диалог үшін кеңістікті ұсынды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

seventeen + 3 =

Наши филиалы