Эссе жазу әдістемесі

«Өрлеу» – Жамбыл 24 қаңтар күні Тараз қаласы №54 орта мектеппен бірлескен жұмыс жоспарына сәйкес, «Эссе жазу әдістемесі» тақырыбында оқу-әдістемелік семинар өтті.  Әдістемелік семинарға мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара бақылау эссесіне бітіруші оқушыларды дайындауда мұғалім тәжірибесіндегі әдістемені дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Семинарды өткізген жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат пән мұғалімдерінің эссе жазу бойынша кәсіби құзіреттіліктерін дамытуға баса назар аударды. Семинар шығарма мен эссенің айырмашылығын анықтайық деген сұрақ қойылып, миға шабуылдан басталды. Пән мұғалімдері топтаса отырып бұл сұрақ бойынша тәжірибелерімен бөлісіп шықты. Топтық жұмыста жас мамандар мен тәжірибелі ұстаздар арасында кәсіби даму ортасы құрылды. Одан әрі жаңартылған білім беру аясында қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттар жүйесіне тоқталды. Тренер тіл мен әдебиет сабақтарында жазылым дағдысын дамыту үшін оқу үдемелілігіне тоқталды. Теорияға сүйене отырып, оқу мақсаттарының күтілетін нәтижесіне болжам жасады. Мектеп мұғалімдерінің шынайы оқыту тәжірибелерін мысалға ала отырып, мұғалімдердің шығармашылық әрекеттеріне арналған жаттығулар орындалды.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы