Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыру

2022 жылы 22 ақпанда «Мектепке дейінгі тәрбиелеу және бастауыш оқыту» кафедрасының жұмыс жоспарына сәйкес Ордабасы ауданы, «Достық» жалпы орта мектебінің базасында «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Мақсаты:бастауыш білім беру саласындағы жаңашыл әдістерді қолдану барысында шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтардың іс-тәжірибелерімен алмасу. Іс-шараға Түркістан облысы, Ордабасы ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері және білім мекемелерінің, әдістемелік бірлестіктердіңбасшылары, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Жалпы саны 70 -тан астам педагогтер қамтылды. Семинарда білім беру барысында 4К моделін енгізу талқыланып, оқушылардың креативтілік, сыни ойлау, коммуникативтілікті дамыту және командада жұмыс істей білу дағдыларын дамытуға бағытталғантәжірибелік сабақтар, шебер – сыныптар ұсынылды.Н.Садирмекова «Бастауыш білім беру жағдайында 4К моделін жүзеге асыру»тақырыбында баяндама оқыды, Б.Дүйсенбекова,Г.Құдайберген «Бастауыш сыныптарда 4К моделін пайдаланып оқушы белсенділігін арттыру».тақырыбында шебер-сыныптар өткізді.Бастауыш сынып мұғалімдері ашық сабақтар берді.Облыстық семинарға қатысушылар кәсіби шеберліктерін арттыруға, тәжірибе алмасуға үлкен көмек болғанын айтыпкері байланыс жасап, ұйымдастырушыларға алғыстарын айтты. Сонымен қатар әрі қарай да осындай курстан кейінгі қолдау арқылы өткізілетін іс-шаралар жалғасын табу туралы ұсыныстар айтылды.

Н.К.Садирмекова

Наши филиалы