PISA-2022: Педагогтерді әдістемелік қолдау алаңы

Үстіміздегі жылдың 24 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚ «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалы 2022 жылдың 4 сәуір – 5 мамыр аралығында Тараз қаласы бойынша  PISA халықаралық зерттеу жобасына қатысатын мектептердің бірі №54 орта мектебінің педагогтеріне арналған әдістемелік семинар ұйымдастырды. Семинарда аға оқытушы А.Есмырзаева аталған мектеп ұстаздарына оқушылардың функционалдық сауаттылығы шеңберіндегі креативті ойлауды дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар жасады. Аға оқытушы С.Карымбаева оқушылардың оқу сауаттылығын дамытатын тапсырмаларды әзірлеу және оған сараптама жасауда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін дамытуға бағытталған тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырды. Семинардың қорытынды бөлімінде тапсырмаларды орындау кезінде оқушыларда жиі қайталанатын қателіктермен жұмыс бойынша кері байланыс берілді.

Наши филиалы