Өзара әрекеттесу – табыстың кілті

Білім беру серіктестігі педагогтердің үздіксіз кәсіби дамуының стратегиялық міндеттерін шешудің тиімді тәсілі болып табылады.

Қарағанды «Өрлеуінің» облыстың білім бөлімдерімен білім беру серіктестігі педагогтерді «Өрлеу» білім беру, әдістемелік, зерттеу және ақпараттық жобаларына тарту арқылы жүзеге асырылады. Біліктілікті арттыру институты мен Қарағанды облысының 18 білім беру бөлімінің аймақ педагогтерінің кәсіби дамуы бойынша бірлескен жұмысының ауқымын өткен жылдың қорытындысы бойынша жыл сайын жарияланатын Серіктестік картасында көрсетілген мәліметтер бойынша бағалауға болады.

2021 жылы «Өрлеу» институты Қарағанды облысының білім бөлімдерімен бірлесіп, біліктілікті арттыру курстары мен курстан кейінгі іс-шаралар аясында мектепке дейінгі, мектеп, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының оқытушыларын оқыту бойынша жұмыс ұйымдастырды. Сіздер «Серіктестік картасы-2021» беттерінен «Өрлеу» Қарағанды және «Өрлеу» БАҰО» АҚ басқа да 16 филиалының педагогтері қатысқан және жоғары нәтижелерге қол жеткізген іс-шаралары туралы ақпаратты таба аласыздар.

Педагогтердің курстан кейінгі қолдау бойынша «Өрлеу» жобаларына қатысуы олардың кәсіби дамуына және кәсіби өсу ресурстарын алуға ықпал еткеніне сенімдіміз!

Қарағанды облысының аудандары мен қалаларының білім беру бөлімдеріндегі әріптестерімізге ынтымақтастығы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз.

Біздің кәсіби өзара іс-әрекетіміз алдағы уақытта да аймақтағы педагогикалық кадрлардың сапасын арттыруға ықпал ететініне сенеміз.

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ мен Қарағанды облысының білім бөлімдерінің серіктестік картасы. 2021 жыл https://drive.google.com/file/d/1xCmc8lCf3EO2PYGphumHrdAP-UgGoY6K/view?usp=sharing

М.Жетписбаева, директордың оқу-әдістемелік жұмыстары

жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к.

Наши филиалы