Жоба жұмысы негізінде орта білім беру ұйымдары педагогтерінің практикалық дағдыларын дамыту

«Өрлеу» Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушылары Кенжехожаева Л.Ш., Қуанышбек Г.Е. 2022 жылдың 24 мамырында Шымкент қаласы, №6 Ж. Баласағұн атындағы жалпы орта мектеп базасында тарих және “Өлкетану” пәні мұғалімдеріне “Жоба жұмысы негізінде орта білім беру ұйымдары педагогтерінің практикалық дағдыларын дамыту” тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып мақсаты: жоба жұмыстарына қойлатын талаптарды нақтылау, жоба әдісін қолдану арқылы мұғалімнің сабақтағы рөлінің өзгеруіне түрткі болатын мәселелерді талдау. Іс-шара барысында тренерлер оқушыларды жоба орындау және зерттеу әрекетіне үйрету барысында қойылатын міндеттерді нақты қоюдың тиімді жолдарын көрсетті. Шебер сыныпқа қатысушылар белсенді жұмыс жасап, сындарлы пікір алмасты. Пән мұғалімдері Жетписбаева Рахия Байгобеккызы, Паткиева Малика жобалау әдісін қолдану сабақта мұғалім қызметінің өзгеруіне әкелетіндігін, мұғалім дайын білімді берушіден өз оқушыларының ізденістік, зерттеушілік, шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы танымдық әрекеттерін ұйымдастырушыға айналатындығын өз тәжірибелерімен ұштастыра алды. Қорытындысында қатысушылар кері байланыс беріп, ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. “Әдіснама және педагогикалық инновация” кафедрасының аға оқытушылары Қунышбек Г., Кенжехожаева Л.

Наши филиалы