КСРО білім беру ісінің үздігі С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушыларының облыстық/қалалық олимпиадасы

2022 жылдың сәуір айының 22 жұлдызында «Өрлеу» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы базасында КСРО білім беру ісінің үздігі С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушыларының облыстық/қалалық олимпиадасы өтті. Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:- Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніне деген интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту;- Дарынды оқушыларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, оқушылардың терең білім алуға және ғылыммен айналысуға деген ынтасын арттыру;- Оқушылардың тарих пәнін тереңдетіп оқуына, өткен тарихымызды қастерлеуге және пәнге деген қызығушылығын арттыру.Олимпиадаға іріктеу кезеңінен өткен Түркістан облысы және Шымкент қаласының жалпы білім беру ұйымдарының 9-10 сынып оқушылары қатысты. КСРО білім беру ісінің үздігі С.Нұртаев атындағы Қазақстан тарихы пәнінен 9-10 сынып оқушыларының облыстық/қалалық олимпиадасы 2 кезеңнен өткізілді. Облыстық/қалалық олимпиадаға қатысушылар І-ІІ тур барысында деңгейлік тапсырмалар мен Google Форма арқылы жасалған тестке онлайн жауап арқылы ұпайлар жинады. Олимпиада барысында әділ-қазылар алқасының мүшелері: Ахтаев М.Б. – «Өрлеу БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалы директорының орынбасары Матекова Б.Т. – «Өрлеу БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Ибрагим Индира – «Өрлеу БАҰО Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты» филиалының әдіскеріУсенов Б.А. – Сауран ауданы, «Құмтүйін» ЖОББМ тарих пәні мұғаліміЖайлаубаев Н.М. – Қазығұрт ауданы, «Атбұлақ» жанындағы интернаты бар ЖОББМ тарих пәні мұғаліміКалыбаева Г.С.- Сарыағаш ауданы, №31 Т.Бигелдинов атындағы ЖОББМ тарих пәні мұғалімі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Екі кезеңнен тұратын пәндік олимпиадаға қатысушылар өздерінің жоғары білім көрсеткіштерімен жүлделі орындарға ие болып, І, ІІ және ІІІ орын алған жеңімпаздар ұйымдастыру комитетінің Дипломдарымен марапатталды. Қазылар алқасының шешімі бойынша Республикалық Олимпиадаға қатысуға жолдама 10 сынып бойынша Лесбек Айжан – Түркістан облысы, №12 М.Тасова атындағы ҮТББММИ, Бахытжанұлы Жаннұр – Шымкент қаласы, №1 Білім инновация лицейі, 9 сынып бойынша Айдаров Нұрас – Шымкент қаласы, №1 Білім инновация лицейі, Әбсұлтан Қалижан – Мақтаарал ауданы, №48 Б.Соқпақбаев атындағы ЖОББМ оқушыларына жолдама берілді. Үздік олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтай отырып, оқушылардың үздік нәтиже көрсетуіне барлық мүмкіндікті туғызып, жеңіс тұғырынан көруіне ықпал еткен мектеп басшылығы мен пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.

«Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Б.Т.Матекова

Наши филиалы