Қалалық семинар аясындағы шеберлік сынып

«Өрлеу» – Жамбыл аға оқытушысы, филология магистрі Карымбаева Сағадат 25 қаңтар күні қалалық семинар аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың зерттеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында шебер сынып өтті. Іс-шара гуманитарлық пәндерді оқыту  жағдайында  мұғалімдердің зерттеу, шығармашылық және коммуникативтік құзіреттерін  қалыптастыру,  тиімді диалог алаңында  іс-тәжірибе алмасу мақсатын көздеді. Филиал тренері пән мұғалімдерінің ғылыми-зерттеушілік әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді жолдарымен бөлісті, мұғалімдердің оқушыларды зерттеу әрекетіне тартудың амалдарымен таныстырды. Нәтижесінде қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, қызу тәжірибе алмасу өтті. Сонымен қатар Сағадат Мейрамбаевна мұғалімдердің сабақтарына қатысып, кері байланыс жасалды.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы