ШЖМ педагогтеріне арналған курс басталды

«Өрлеу» – Жамбыл филиалында 21 ақпаннан бастап «Интегративті тәсіл және пәнаралық синтез негізінде шағын жинақталған мектептің оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру» тақырыбындағы шағын жинақталған мектеп мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды. Алғашқы курсқа Байзақ ауданының ұстаздары қатысуда. Курстың мақсаты шағын жинақталған мектептердің білім беру процесінде интегративті тәсілді және пәнаралық синтезді тиімді іске асыру үшін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болып табылады. ШЖМ оқу процесін ұйымдастыру үшін оқу-әдістемелік кешендердің интегративті тәсілі мен пәнаралық синтезінің мүмкіндіктерін зерделеу; интегративті оқыту әдістемесі, оны қолдану нысандары мен тәсілдері туралы тұтас түсінікті дамыту; сабақ өткізудің заманауи әдістерін меңгеруге ықпал ету – курстың міндеті. Сонымен қатар, курс соңында тыңдаушылар шағын жинақталған мектептің оқу процесін ұйымдастыру кезінде интегративті тәсілді және пәнаралық синтезді жүзеге асыру тетігін пайдаланады; жұмыста тиімді және IT-технологияларды пайдалану негізінде кең ауқымды дағдыларды дамыту бойынша интегративті оқыту әдістемесін қолданады; оқытудың практикалық және жеке дағдыларын көрсетеді. Осы курстың оқу-тақырыптық жоспарына сәйкес курс күндізгі оқу түрінде өткізіледі. Курсты жүргізетін жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, филология магистрі Сағадат Карымбаева семинар, тәжірибелік және көшпелі тәжірибелік сабақтарды ШЖМ жағдайында теория мен практиканы ұштастыра отырып меңгертетін болады.

Айша Тулекова, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы