Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру: мәселелері мен болашағы

«Өрлеу»-Ақтөбеде жаһандану мен жаңғырудың алғышарттарының бірі болып табылатын жаңа қазақ  әліпбиі туралы сөз қозғалып, ел болашағы үшін қабылданған маңызды шешім латын графикасы жайлы ғалымдар мен тіл мамандары ой бөлісті.

Аймақтық семинар жұмысында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты ф.ғ.д., профессор Б.Қ.Момынова  ХХ ғасыр басындағы «Қазақ» газетіндегі жазу, емле туралы қазақтың төл әріптерін белгілеуге алынған таңбалардың ұсынылып отырған жобасын түсіндірді. Ақтөбе облыстық Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының әдіскері Г.Н.Төлегенова жетілдірілген әліпбидегі диакритикалық белгілердің таңдалуы жөнінде кеңінен тоқталды.

Іс-шара барысында ұлтымыздың ұлы ұстазы елінен педагогтер- Б.Қ.Қожахметова /Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Станционный ЖББОМ/, Г.М.Мираш /Қостанай қаласы,№27 ЖББОМ/, А.Т.Сатбаева /Қостанай облысы, Федоров ауданы, Ленин ЖББОМ/ және облыстың тәжірибелі мұғалімдері- Н.Б.Алтынбаева /Темір ауданы, Шұбарқұдық гимназиясы/, Г.У.Сулекенова /Ақтөбе  қаласы,  № 56 ЖББОМ/, Н.Б.Аманова /Ақтөбе гуманитарлық колледжі/ рухани жаңғырудың темірқазығына айналған жаңа әліпбидің әлеуметтік, рухани, мәдени маңызы  жөнінде ой-пікірлерін ортаға салды.

Іс-шара модераторы, әдіскер, гуманитарлық ғылымдар магистрі  М.Т.Адилханова семинар жұмысын қорытындылай келе, талқы­лау барысында алға қойыл­ған маңызды мәселелердің негізгілерін атап өтті.

М.Т.Адилханова

Әдіскер, магистр

Наши филиалы