Облыстық  семинар-практикумға қатысты

23 ақпан күні  Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті білім беру ұйымдары директорларының орынбасарларына STEM білім берудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері туралы әдістемелік көмек беру, іс-тәжірибеде қолданудың тиімді тәсілдерін үйрету; білім ұйымдарында әдістемелік  қызмет нәтижесін жақсарту, басқару, бақылау, қадағалау, ұйымдастыру, нәтижені талдау жұмыстарын сапалы жүргізу бойынша  тәжірибе алмасу мақсатында  «STEM білім берудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері» тақырыбындағы облыстық семинар-практикумын өтті. Семинар-практикумда «Өрлеу» БАҰО  АҚ Жамбыл  облысы бойынша Кәсіби даму институты кафедра меңгерушісі, PhD философия докторы Мирзалиева Эльмира  «STEM-оқытудың тұжырымдамасы мен даму келешегі» тақырыбындағы мбаяндамасында облыс педагогтеріне STEM  бойынша түрлі біліктілікті арттыру курстары мен семинарлары туралы шолу жасап, курстан кейінгі әдістемелік қолдву жұмыстары туралы айтты.

Парида Каркабаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы