География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институты аға оқытушысы Назира Абдикеримова 21 ақпаннан бастап Тараз қаласы мен Жамбыл, Байзақ  аудандарының география пәні мұғалімдеріне арналған «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын оқу-тақырыптық жоспарға сәйкес, күндізгі оқу түрінде өткізуде. Курстың мақсаты – жаңа білім парадигмасы талаптарына сәйкес  оқыту мен оқудың тиімділігін арттыру үшінгеография пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту. Курс аясында мұғалімдер география пәнінен оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері, сабақты жоспарлау, түрлі тапсырмалар дайындау  бойынша материалдарды меңгеруде.

Андия Беисенкулова, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы