Назарбаев Зияткерлік мектебі жұмыс тәжірибесінен

Үстіміздегі жылдың 25 сәуірінде «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Назира Абдикеримова Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды. Білім беру ұйымының педагогтері өлкетану бағытындағы «Ауылдағы 2 апта», «Ата-ана кәсіпорынындағы 10 күн», «Туған елге тағзым», «Қазақтың 100 әні» және қазақша «Wikipedia» жобаларымен таныстырды. Сонымен қатар, TEDxNIS клубы жұмысының ұйымдастырылуы мен негізгі басты идеясымен бөлісті, бұл клубтың басты идеясы  оқушылардың көпшілік алдында шешендік өнермен сөйлеу дағдыларын дамыту екендігі айтылды. Көшпелі тәжірибелік сабақ барысында педагогтер қазақша «Wikipedia» жобасына тіркеліп, өздерінің  материалдарын қалай жариялауға болатындығы туралы тәжірибелік тапсырмалар орындады. Педагогтер психологиялық жағымды ахуал тудыру мақсатында ұйымдастырылған тренинг жұмыстарында белсенділік танытты. Сабақ соңында педагогтер тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, тиімді кері байланыс жүргізілді. Көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Наши филиалы