«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында Реджио-педагогиканы қолдану» тақырыбындағы оқыту семинары өтті

2022 жылы 23 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласы № 58 «Өркен» балабақшасының педагогтері үшін «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында Реджио-педагогиканы қолдану» тақырыбындағы оқыту семинары өтті. Семинарды балабақша сұранысы бойынша аға оқытушы Боранбаева Ляйля Каирбековна өткізді. Балабақшаның тәрбие-білім беру практикалық дағдылары мен іскерліктерін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар тыңдаушылары итальяндық Реджио-педагогикасының принциптерін айқындап, осы бағытта білім берудің алты ережесін пайдалану жолдарын анықтап, тақырып бойынша білімдерін жүйеледі. Бейнелеудегі мектепке дейінгі балалардың шығармашылық ойы мен қиялын дамытудағы, шығармашылық белсенділігін аттырудағы дәстүрлі емес әдіс-тәсілдермен танысып, практика жүзінде монотипия пайдаланып әдемі суреттер жасады. Семинар жоғары деңгейде өтті, тыңдаушылар белсенді қатысты.

Наши филиалы