Педагогтердің «икемді дағдыларын» дамыту

Ақпан айының 23-жұлдызында ауыл мектептерін қолдау жобасы аясында Өрлеу-Павлодар оқытушысы Ә. Несипбаева Баянауыл ауданының және Павлодар қаласының “Жас Дарын” мамандандырылған мектебінің жас мұғалімдері үшін Soft skills дағдыларын дамыту бойынша семинар өткізді.


Іс шара өте белсенді, ұйымшыл ортада өтті. Жас педагогтер өздерінің білім деңгейін оқытушымен берілген тапсырмаларын талқылау барысында көрсете білді. Бірлескен жұмыс нәтижесінде мұғалімдер тиімді педагогикалық қызмет үшін тек кәсіби дағдылар ғана емес, сонымен қатар қосымша білім мен қарым-қатынас жасау, командада жұмыс істеу, өз қызметін жоспарлау, ақпаратпен жұмыс істеу, стресске төзімділік, креативтілік, жауапкершілік және де көптеген басқа, яғни қазіргі әлемде «soft skills» немесе «икемді дағдылар» деп аталатын дағдылар маңызды деген қорытындыға келді.


Сонымен қатар, soft skills дағдыларын қалыптастыру бағытында педагогтің кәсіби дамуындағы қиындық аймақтары мен траекториялары анықталды.
Семинар жемісті жұмыс жағдайында өтті және қатысушылар тарапынан үлкен қызығушылық туғызды.

Наши филиалы