Жас мамандарға көмек

Ағымды жылдың 25 наурыз күні «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ «Жамбыл облысы бойынша  Кәсіби даму институты»  филиалы, жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы Мирзалиева Эльмира жас мамандардың кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Тараз-Ғасыр» колледж оқытушыларына «Жас ұстаздардың кәсіби шеберлігін қалыптастыру» тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Әдістемелік семинар барысында жас мамандардың функционалды сауаттылығын қалыптастыру  және soft skills – кәсіби құзыреттілікті тиімді іске асыру қарастырылды. Семинар соңында тыңдаушылар қиындық тудыратын мәселелер мен сұрақтарға жауап алып,   алдағы уақытта жас мамандарға  арналған іс-шаралар жиі өткізіліп тұрса деп  ұсыныс жасады.

Наши филиалы