Жиынтық бағалау тапсырмалары талқыланды

Үстіміздегі жылдың 25 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ-ның «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушылары  Кулен Фарида, Абдикеримова Назира, Беисенкулова Андия Тараз қаласындағы №3 мектеп – лицейдің бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсету мақсатында «Бастауыш сынып негізгі пәндері бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» тақырыбында семинар-практикум өткізді. Іс-шара барысында педагогтер критериалды бағалау бойынша нормативті құжаттармен танысты, бөлім және тоқсан бойынша жиынтық  бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау, рубриканың оқу жетістігі деңгейлерін көрсетудегі рөлін анықтады. Сонымен қатар, модерация кезіндегі бағалаудың анықтығы мен дәлдігін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізілді. Семинар соңында қатысушылар өз пікірлері мен ұсыныстарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта бірлескен жұмыстарды жоспарлады.

Наши филиалы