Семинар жұмысына қатысты

19 сәуір күні «Өрлеу»-БҚО институтының тыңдаушылары  біліктілікті арттыру курсы аясында Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы       Назарбаев Зияткерлік мектебі базасында өткен семинарға қатысты.

Оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуды қолдау және ұйымдастыру бойынша  НЗМ биология пәні  мұғалімдері  Р.Қаженов,  Б. Жұбанова экоклуб мысалында оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту бағытында іс-тәжірибелерімен бөлісті. Ғылыми жобаны рәсiмдеу ережелері бойынша А.Аманжолов пен Г.Досқалидің биология сабақтарындағы практикалық жұмысты рәсiмдеу ережелерi тақырыптарында өткізген шеберлік сынаптарын қатысушылар жоғары бағалады.   

Курс тыңдаушылары жоғары деңгейде ұйымдастырылған Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы  Назарбаев Зияткерлік мектебі ұжымына алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.

Наши филиалы