Жаңа перспективалы полилог

 «Өрлеу» БАҰО»  орталық аппаратының білім басқармалары мен өңірлік әдістемелік қызметтер басшыларымен алғаш рет кең ауқымды онлайн-кездесуі өтті.  Кездесуге «Өрлеу»  филиалдарының 17 директорлары қатысты.

Полилогтың мазмұнын басқарма төрағасы ӘСЕЛ МҰХАМЕТЖАНОВАНЫҢ презентациямен сөйлеген сөзі анықтады (https://drive.google.com/…/1M0qPRrLs0QgdsGFc…/view…).

Білім басқарма басшылардың айтылған сұрақтары мен ұсынымдары өңірлік білім берудегі қиындықтар мен қажеттіліктерді егжей-тегжейлі көрсетуге көмектесіп, оның сапасы ұлттық білім беру жүйесінің саясаты мен сапасын айқындайтыны белгілі.

Бүгінде “Өрлеу” біліктілікті арттыру курстары, байқаулар, вебинарлар ғана емес… Бұл – педагогтің кәсіби дамуына, демек, әрбір білім беру ұйымында әрбір педагогтың академиялық жетістіктер ортасын құруға бағытталған кешенді, жүйелі және көпсалалы жұмыс.

Талқыланатын проблемалық-тақырыптық алаң: курстық даярлықтың білім беру бағдарламаларының сапасы, барлық білім беру деңгейлеріндегі педагог қызметкерлердің әртүрлі санаттары үшін курстардың қолжетімділігі, курс барысында тыңдаушылардың кәсіби-әлеуметтік жауапкершілігі, курс мазмұнында мағыналық педагогика мен құндылықты тәрбиелеу аспектілерін күшейту, “Өрлеу” БАҰО-да әзірленген және педагогтарға ұсынылатын әдістемелік ұсынымдарға қажеттілік, елдегі халықаралық зерттеулердің шолуларын пайдалану, «Өрлеу» БАҰО» АҚ  кәсіби шеберлік конкурстары, аттестаттау рәсімдерінде педагогтерді әдістемелік сүйемелдеу, сайттардың жұмысы және әлеуметтік желілердегі белсенділік арқылы білім беру мекемелерінің ашықтығын – РАСТАЙДЫ: біліктілікті арттыру механизмі, құралдары мен ресурстары интерактивті, валидті болуы тиіс…

Наши филиалы