Жаратылыстану бағыты бойынша фокус тобы құрылды

«Өрлеу» – Жамбыл тренері  Аманкуль Есмырзаева жаратылыстану және география пәні мұғалімдеріне арналған фокус тобымен  Zoom платформасында жұмыс жасады. Фокус тобы қазіргі таңдағы жаратылыстану пәні бойынша қиындықтарды жою,  тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру мақсатында құрылды. Іс-шара барысында әріптестерге 5, 6, 7-сыныптарда пәнді меңгеруде оқушылардың қандай тақырыптар/бөлімдер  бойынша артта қалуы байқалады? Сіздің ойыңызша, оқушыларға бұл тақырыптарды меңгеру неліктен қиынға соғады? Егер сіз оқушының орнында болсаңыз, пәніңіз  бойынша тағы қандай тақырыпты  қайта зерттейтін едіңіз?  деген сұрақтар қойылып, ұтымды жауаптар алынды. Кездесу соңында қатысушылар  өз ұсыныстарын  айтып, одан әрі ынтымақтастық бірлестікте жұмыс атқаратындарын жеткізді.

Жанар Кошкинбаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы