Дарынды балаларға арналған “Сымбат” мектеп-интернаты базасында көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ынтымақтастық туралы Меморандумды жүзеге асыру аясында “Сымбат” дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында “Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту” курсының тыңдаушылары үшін аға оқытушы, п. ғ. к. А. Б. Уразымбетованың жетекшілігімен көшпелі практикалық сабақ ұйымдастырылды.
Облыстың орыс тілі пәні мұғалімдері Н. Тұрмұхамбетова, Г.Калиниченко, Б. Искакова сабақтарына қатысып, Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогикалық және дидактикалық әдістерді ашатын интерактивті технологиялардың қолданылуымен танысты.
Курс тыңдаушылары жылы қабылдау мен өнімді қарым-қатынас үшін ризашылықтарын білдірді.
Институт ұжымы көшпелі тәжірибелік сабақтарды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін “Сымбат” жекеменшік мектебіндегі әріптестерімізге алғыс білдіреді.

Наши филиалы