Шебер сынып

       2022 жылы 27 қаңтарда «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Кужимова  институттың зерттеу алаңы,  тірек мектебі  Шымкент қаласы № 39 ЖОМ-тің  қазақ тілі және қазақ әдебиет пәні мұғалімдерімен « Функционалды оқу сауаттылығын  артырудың креативті әдістері» тақырыбында шебер сынып өтті.

        Шебер сыныптың мақсаты: пән мұғалімдеріне оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, оқу пәндерін оқыту  арқылы функционалдық сауаттылық үдерісін дамытуға әдістемелік қолдау көрсету.

         Шебер сынып барысында мұғалімдер жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дамуына қажетті негізгі құралдардың бірі  болып табылатын функционалды оқу сауаттылығын  арттырудың креативті әдістерімен танысып , мектеп түлегінің алған білімі мен дағдыларын шынайы өмірлік жағдайларда табысты жүзеге асыруы үшін қажетті құзыреттіліктерді  түрлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және дамыту құралдарына бағытталған  тапсырмалармен жұмыстар жүргізді.

Наши филиалы