Тірек мектеппен жұмыс

2022 жылдың 26 қаңтарында «Жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі» кафедрасының жылдық жұмыс жоспарына сай күрделі тақырыптарды оқыту бойынша әдістемелік қолдау көрсету мақсатында Шымкент қаласы №28 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілімен әдебиеті пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуда кездесетін қиындықтар аймақтары» тақырыбында вебинар өткізілді. Іс-шараға қатысушылар вебинар барысында өз тәжірибелерінде кездесетін күрделі тақырыптарды айтып, оларды меңгеру неліктен қиынға соғатындығымен бөлісті, пікірлерімен алмасты.Іс-шара соңында қатысушылар вебинардың мазмұнды өткізілгенін атап, алдағы уақытта осындай тағылымы мол іс-шаралар жалғасын тапса деген ұсыныстарын білдірді. «Өрлеудің» Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша филиалы ұжымына, сонымен қатар өткізіліп отырған диалогтік алаңның модераторы С.Жолшыбековаға рақметін айта келе, шығармашылық табыс тіледі.

Наши филиалы