«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» оқырман конференциясы

Ағымдағы жылдың 27 сәуірінде ұлт ұстазы, лингвист-ғалым, ақын, аудармашы, публицист, реформатор, мемлекет және қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысы жетекшілерінің бірі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына орай «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт жанашыры» атты оқырмандар конференциясы өткізілді. Оқырмандар конференциясы презентациялармен, буктрейлермен, кітап иллюстрацияларымен сүйемелденді. Конференция барысында баяндамашылар ұлт жанашыры Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмірі мен саяси қызметі, шығармашылығы  жайлы баяндады. Конференция жұмысында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана қызметкерлері дайындаған кітап инсталляциясы мен Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназия оқушыларының театрландырылған қойылымы қызығушылық тудырды. Конференция соңында облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапхана  ұжымына   институт атынан  Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан дайындалған аудио үзінділер дискісі табысталды.  Ұйымдастырушылар барлық қонақтар мен қатысушыларға алғыс білдіріп,  конференция жұмысына қатысқаны үшін Алғыс хаттармен марапаттады.

Наши филиалы