Тылсым сырлы Ақыртас сарай кешені

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде «Жамбыл облысы бойынша Кәсіби даму институты» филиалының аға оқытушысы Назира Абдикеримова Өлкетану бағыты аясындағы курс тыңдаушыларымен Қазақстанның 100 киелі жерлері тізіміне енген Ақыртас сарай кешеніне барды. Құрылыс материалдары тас және пішімі малға шөп салатын ақырға ұқсас болуына байланысты Ақыртас деп аталған кешен VIII-XII ғасырлардағы ең  ірі тылсымға толы мекен. Бұл кешен сәулеттік құрылысы және мәдени сауда қарым-қатынасының дамуымен, сол заманның өзінде су құбырлар жүйесінің тартылуымен ерекшеленеді. Сондай-ақ, емдік қасиеті бар жүрек, бауыр, бүйрек, беломыртқа, жайнамаз және тақ тасы деп аталатын тастардың адам бойына  энергия беретін қасиетімен танысты.

Наши филиалы