Тұлғаны көпэтномәдениетті тәрбиелеу жүйесіндегі ана тілі: Қазақстан тәжірибесі

2022 жылдың 21 ақпанында «Өрлеу» Қостанай филиалының директоры “Білім беру және көпмәдениетті тәрбиелеу жүйесіндегі Ресей халықтарының ана тілдері: әлеуеті, интеграция жолдары, жаңа тәсілдері” атты аймақаралық ғылыми-практикалық симпозиумға қатысып, “Тұлғаны көпэтномәдениетті тәрбиелеу жүйесіндегі ана тілі: Қазақстан тәжірибесі” тақырыбында  баяндама жасады.

Симпозиумға жалпы және кәсіптік білім беру жүйесінде жұмыс жасайтын мамандар, жоғары оқу орындарының, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары, ана тілі мен әдебиеті бойынша оқулықтардың әдіскерлері мен авторлары, тіл саясаты саласындағы мамандар, мәдениет өкілдері, ғалымдар, аспиранттар мен ізденушілер қатысты.

Тілдерді дамыту мен оқытудың, заманауи стратегиялардың, технологиялардың өзекті мәселелері; ана тілін оқыту саласындағы жаңа әдістер, балалар мен жастарды көпмәдениетті тәрбиелеу; балалар мен жастарды этномәдени және көпмәдениеттік тәрбиелеу мәнмәтінінде ана тілдерін оқытудың сапасын арттыру мәселелері бойынша ғалымдар, оқытушылар мен практиктердің қарым-қатынасын интеграциялау талқыланды.

Наши филиалы