4К моделінің маңызы

«Өрлеу» – Жамбыл филиалының  аға оқытушысы Мадина Садибекова мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне әдістемелік семинар өтті. Мектепке дейінгі жастағы балаларды жан-жақты дамытудың тиімді жолдарын ұсыну мақсатында өткен семинар жұмысына Тараз, Шу, Меркі, Байзақ, Жамбыл аудандарының мектепке дейінгі ұйым әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Семинар барысында аға оқытушы Мадина Садибекова мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту мақсатында 4К моделі бойынша – шығармашылық, сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынасты дамыту, ұжымдағы бірлескен  жұмыс түрлеріне және икемді дағдыларын (Soft skills)  дамытудың маңызын талқылады. Осылайша, семинарға қатысушылар 4K форматындағы негізгі құзыреттіліктерді меңгеру мектеп жасына дейінгі балаларға қоршаған шындықтың алуан түрлілігіне бағыт-бағдар беретінін, әлемнің бай екендігін және жан-жақтан тануға болатындығын түсіну, сондай-ақ мектепте табысты оқуға ықпал ететінін меңгерді. Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, семинар жұмысы әр қатысушы үшін тәжірибе алмасу алаңы болды.

Жулдыз Кошербаева, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы