Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамытудағы әдістемелік вебинарлардың ролі

2022 жылдың 17 қаңтарынан 21 қаңтарына дейін облыс педагогтеріне арналған «Эссе жазу әдістемесі», «Жоба-ойды жүзеге асыруға арналған іс-әрекеттердің бағдарламасы», «Дарынды оқушылардың ғылыми ізденісін тиімді жоспарлау» тақырыптарында онлайн вебинарлар тізбегі өткізілді. Вебинарды ұйымдастырушы “Өрлеу” БАҰО АҚ филиалы Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Л.Ж.Орманбекова. Вебинарлардың негізгі мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұны бойынша пән мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту.

Вебинарлар барысында педагогтер жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында эссе жазу мен жоба жұмыстарының құрылымы мен жоспарлау жолдарымен танысты. Дарынды оқушылармен жасалатын жұмыс түрлерін тиімді жоспарлауды үйренді. Вебинарлар соңында тыңдаушылардан кері байланыс алынып, өздік жұмыстары талқыланды.

Наши филиалы