Әдістемелік көмек «Сабақты тиімді жоспарлау»

2022 жылдың 25-наурызында «Өрлеу» БАҰО АҚ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институт филиалының «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедра меңгерушісі, доцент, ф.ғ.к. Рахимжанова Г.К (орыс тілі мен әдебиеті) және кафедра аға оқытушылары Естемирова А.М (тарих), Жангабулова А.А (қазақ тілі мен әдебиеті) пәндері бойынша білім сапасын арттыру, оқыту үдерісін тиімді жоспарлау негізінде педагогтердің кәсібилігін шыңдау мақсатында «НИЗАМХАН» атындағы орта мектебі» ЖШС мұғалімдері үшін «Сабақты тиімді жоспарлау» тақырыбында әдістемелік көмек көрсетті. Әдістемелік көмек шебер-сынып, әдістемелік кеңес форматында өткізілді. Іс-шара жұмысына пән бағыттары бойынша 60-қа жуық мектеп мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында «Өрлеу» тренерлері қысқа мерзімді жоспарды жоспарлау ерекшеліктерін, сабақ жоспарының әр элементінің мазмұнын қарастырды; SMART әдісіне сәйкес сабақтың мақсаттарын қалай қою керектігін, күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін оқушылардың білім беру әрекеттерін қалай жобалау керектігін көрсетті. Сонымен қатар, сабақты жоспарлаудың ең күрделі мәселелері өзектендірілді, оларды шешуді оқытуды неғұрлым өнімді және тиімді етуге мүмкіндік береді. Қорытындылай келе, қатысушылар аталмыш іс-шарадан алған маңызды ақпараттарды өз тәжірибелерінде орынды қолдана алатынын және өзекті мәселелерді шешудегі маңыздылығын атап, алған әдістемелік және ақпараттық көмек үшін алғыстарын білдірді.

Наши филиалы