Ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары онлайн режимінде басталды

2022 жылдың 28 наурызында “Өрлеу “БАҰО” АҚ филиалы Ақтөбе облысы бойынша кәсіптік даму институтында ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары онлайн режимінде басталды.

Біліктілікті арттыру курсы аясында тренер Н.А. Пеннер Заманауи педагогикалық технологиялардың барлық арсеналын іске қосады, тыңдаушылар инновациялық тәсілдерді пайдаланудағы кәсіби құзыреттілігін жетілдіреді, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша практикалық дағдыларға ие болады, жаттықтырушылармен жедел және тиімді коммуникация туындаған барлық мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Біліктілікті арттыру курстары педагогтарға олардың кәсіби қарым-қатынас аясын жетілдіруге және кеңейтуге көмектеседі деп үміттенеміз!

Курс жетекшісі мен тыңдаушыларға сәттілік пен жемісті жұмыс тілейміз!!!

Наши филиалы