Көшпелі тәжірибелік сабақ өтті

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы  Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы Назира Абдикеримова Тараз қаласындағы №32 орта мектеп базасында көшпелі тәжірибелік сабақ ұйымдастырды. Бұл іс-шара «География пәні мұғалімінің кәсіби құзыреттілігін дамыту» курсы аясында өткізілді. Көшпелі тәжірибелі сабақ инклюзивті білім беру жағдайында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру бағытында алған білімдері мен дағдыларын кеңейту мақсатында өтті. Тыңдаушылар №32 орта мектебінің инклюзивті білім беруді қолдау кабинетінің жұмысымен және негізгі бағыттарымен танысып, мектептің география пәні мұғалімдері Ахимбекова Ляйля мен Тойболова Назгүл КРО сыныптары мен үйде оқыту бойынша сабақ жүргізудің жолдарын көрсетіп, өздерінің тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жүргізуде дефектолог, логопед, психолог, әлеуметтік педагог мамандары да өздері жүргізетін жұмыстардың ерекшеліктерін көрсетіп шықты. Көшпелі тәжірибелік сабаққа қатысушылармен бірлескен әрекетте практикалық тапсырмалар орындап, өзара ынтымақтастықта жұмыс жасалды.

Зере Смаилова, ӘжПИ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы