Тіл – ұлттың жан дүниесі

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ кәсіби даму институты Жамбыл облысы бойынша филиалы  мен Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тараз қаласының тілдерді оқыту  орталығымен бірлесіп «Тіл-қарым – қатынастың алтын көпірІ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференцияға Италия, Польша Корея, Украина, Латвия мелекеті мен республиканың  ғалымдары мен жас зерттеуші-білімгерлері қатысты. Пленарлық отырыста Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институның аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к. Көбденова Гульжихан мен  Белботаев Алмасбек мемлекеттік тілді үйретудің, қоғамдағы маңызды орны жайында өз тәжірибелерімен бөлісті. Рига (Латвия) Құдайбергенов Қасымжомарт және Тэджон (Оңтүстік Корея) Шаймерденова Асылзада шет елде білім алып жатқандардың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі бойынша ой бөлісті.Сонымен қатар, тілді оқыту Жамбыл облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры Әлімбекова Гүлхан мен  Қарағанды облысы тілдерді дамыту басқармасының Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, п.ғ.м. Жақанова Жұпар мемлекеттік тілдің ересек тұрғындарға үйретудің әдіснамасы мен өзектілігіне тоқталды. Конференция соңында баяндамашыларға сертификаттар берілді.

Аманкуль Есмырзаева, ЖжГПОӘ кафедрасының аға оқытушысы

Наши филиалы