Мектеп басшыларына басқарушылық және әдістемелік көмек

2022 жылдың 20 сәуір айында Алматы қаласының №166 лицейінде түрлі аймақтардан келген білім беру ұйымдарының басшыларына арналған республикалық семинар өткізілді. Семинарды ұйымдастыруға және өткізуге лицей директоры Ходжаева Лариса Семеновна, Өрлеу ББЖҚБАРИ аға оқытушылары Тен Алира Сунтаковна, Жартынова Жанар Алибековна, сондай-ақ лицейдің педагогикалық командасы қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – лицейдің білім беру ұйымдары басшыларының кәсіби дамуына басқарушылық және әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс тәжірибесін тарату.

Семинар-практикум барысында біріктірілген сабақ (биология, химия, орыс әдебиеті), дебат клубының жұмысын ұйымдастыру, сабақ жоспарын талдау және кері байланыс беру, мектеп ішіндегі бақылауды жоспарлау, мұғалімнің шеберлік деңгейін бақылау және әдістемелік сауаттылығын қалыптастыру, педагогтердің кәсіби күйіп қалуы және оның алдын алу көрсетілді.

Өткізілген семинардың кері байланысы оның өзектілігін, пайдалылығы мен уақытылығын көрсетті.

Наши филиалы