Тәжірибе арқылы оқыту семинары өтті

Бүгін «Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтында EdCrunch Academy заманауи білім беруді дамыту институтының ұйымдастыруымен өткізілген «Тәжірибе арқылы оқыту» тақырыбында оқу семинарына қатысып, сертификатталған тренерлер жаратылыстану және гуманитарлық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының оқытушыларына арналған семинар жүргізді.

Кафедра меңгерушісі Ұлтай Ешимова қазақ және орыс тілдерінде оқытатын орта білім беру ұйымдарының физика пәні мұғалімдеріне арналған «10-11 сынып оқушыларының білім беру нәтижелерінің сапасын арттыру контексінде физика мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін дамыту» біліктілік арттыру курсының білім беру бағдарламасы негізінде «Тәжірибе арқылы оқыту» семинары барысында жасақталған бағдарламалардың ерекшеліктерімен және құрылымымен таныстырды.

Аға оқытушы Жанар Жубауова біліктілік арттыру курстарында тыңдаушыларды бағалау талаптарымен, тапсырмалар жасаудағы кодификаторлармен таныстырды. Оқу әдістемелік жүйеге енгізілген тапсырмалар жайлы құнды ақпараттармен бөлісті. Семинар жұмысына қатысқан институт оқытушылары орта мектепте күрделі тақырыптарды оқытуға, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған оқу бағдарламаларының мазмұнды, тәжірибелік семинар жұмысының пайдалы болғанына алғыстарын білдірді.

Наши филиалы