География пәні мұғалімдері облысымыздың үздік ұстаздарымен тәжірибе алмасты

География пәні мұғалімдеріне арналған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курсы барысында (оқытушысы «Өрлеу»-Павлодар» филиалының білікті маманы А.Ж.Несипбаева) тыңдаушылар бірқатар облыстық оқу орындарындарында өткен көшпелі тәжірибелік сабақтарға қатысты. Ұстаздар институт қабырғасында алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыра алды. Курс жетекшісі Әлем Несипбаева қатысушыларды Облыстық дарынды балалар көпсалалы лицей интернатының, «Жас Дарын» мамандандырылған мектебінің, Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты, Ақсу қ. дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясы, Павлодар қ. №2 ЖОББМ, қалалық спорт мектеп интернатының үздік педагогтерінің жұмысымен таныстырды. Олар өз кезегінде өздерінің жұмыстарын тәжірибе барысында көрсете білді. Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары, интербелсенді әдістер, картография және географиялық деректер базасы және т.б. география пәні мұғалімі үшін өзекті тақырыптар семинар, ашық сабақ форматында өтті. Көшпелі практикалық сабақ кезінде алынған білім тыңдаушыларға жаңа оқу жылындағы жұмысының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деседі курс тыңдаушылары, бірауыздан.

Облыстық дарынды балалар көпсалалы лицей интернатындағы сәттен

Наши филиалы