Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда көптілді білім беру мәселесі қаралды

2022 жылдың 29 наурызында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институты Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Білім беруді дамыту орталығымен бірлесе отырып халықаралық және отандық ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен «Көптілді білім беру жағдайында ана тілін оқытуды жетілдіру» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Конференция мақсаты: ұлттық мектептерде ана тілін қолдану және көптілді білім беру саласындағы озық идеяларды іске асыру жолдарын қарастыру және талқылау үшін диалог алаңын құру. Конференцияға «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының және ЖОО-ның професорлық-оқытушылық құрамы, облыстық әдістемелік кабинеттердің, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері, жалпы 273 қатысушы. Конференцияның ашылу салтанатында ҚР БҒМ Мектепке дейінгі және орта білім беру Комитеті төрағасының орынбасары Тулекова Сапура Сейдуалиқызы, «Өрлеу» АҚ Басқарма төрағасы Мухаметжанова Асель Зейнуловна сөз сөйледі. Пленарлық отырысты«Өрлеу» БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша ҚДИ директоры, п.ғ.д., профессор Искакова Лаура Тұрлыбекқызы жүргізді. Республикалық ғылыми-практикалық білім беру мазмұнын сараптау орталығының директоры Е.Б. Нұрланов «Мектеп оқулықтары және реформадан кейінгі кезеңде мемлекеттік тілді оқыту тәсілдерінің дилеммасы» тақырыбында баяндама жасады. ЕҚЫҰ Ұлттық азшылықтар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының Орталық Азия білім беру бағдарламасының Білім беру мәселелері жөніндегі халықаралық сарапшы-кеңесшісі А.П.Стоянова өз сөзінде біртұтас көптілді кеңістік құру мәселелері жөніндегі межеленген мемлекеттік диалогтың маңыздылығын атап өтіп, көптілді білім беру берудің негізгі тәсілдерін ашты. Өзбекстан Республикасы Абдулла Авлони атындағы ғылыми-зерттеу институты директорының инновация жөніндегі орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы Д.Пардаева цифрландыру дәуірінде педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және кәсіби дамыту жүйесіне қатысты мәселелерді көтерді. «Дустлик» ҚР өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы И.А. Хошимжонов өз сөзінде ұлттық мектепте ана тілінің мемлекеттік тілді меңгерудегі рөлін атап өтті. Тәжікстаннан келген әріптесіміз Б.Р. Хакимова, Абдурахман Джами атындағы білім академиясы білім беруді дамыту институтының аға ғылыми қызметкері республиканың көп мәдениетті және көп тілді білімімен таныстырды. Эстонияның Тарту университеті көптілді білім беру орталығының жетекшісі А.Голубева жаһандық бәсекелестік және көптеген қызмет түрлерінің трансшекаралық сипатын кеңейту жағдайында білім беру жүйесі екі базалық үдерісті: мәдени өзіндік ерекшелікті сақтауды және дамытуды, ұлттық ерекшелікті қолдауды, сондай-ақ мемлекетті жаһандық білім беру кеңістігіне қосуды қалай қамтамасыз ететінін нақты көрсетті. Грециядан келген әріптесіміз С.Антонарос, Білім және кәсіби дайындық жөніндегі менеджер өз сөзінде алған кәсіби білімдерін жаңарту мен тереңдетуді көздейтін қосымша кәсіби білім беру саласындағы жұмыс тәжірибесімен бөлісті. «Өрлеу «БАҰО» АҚФ Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша КДИ аға оқытушысы Мұсаева М.О. көптілді білім беру жағдайында ана тілін дамытудың ғылыми – практикалық аспектілері туралы айтып берді. Бес секцияның жұмысы барысында конференцияға қатысушылар (168 қатысушы) оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда көптілді білім беру мәселелерін; ұлттық мектептерде ана тілі мен көптілді білім беруді дамытудың практикалық аспектілерін;тілдерді оқытуда көп мәдениетті тәсілді талқылауға қатысты. Секциялардың жұмысы мемлекеттік, орыс, ағылшын, өзбек және тәжік тілдерінде жүргізілді. Педагогтер көптілді білім беру жағдайында ана тілін оқытуды жетілдіру бойынша сарапшылардан құнды ұсынымдар алды.

Наши филиалы